RU
Мұнайгаз кенорындарында көлік қызметтері

ОТК " ЖШС АВТОКӨЛІКТЕРІН САТУ БОЙЫНША САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ» ХАБАРЛАНДЫРУ

03.06.2021ж.

Хабарландыру

ОТК " ЖШС АВТОКӨЛІКТЕРІН САТУ БОЙЫНША САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ»

     "Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС (130000, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 25 ш / а.. ғимарат 34 БСН: 010840003679, корпоративтік веб-сайт www.otk.kz, тел.8 (7292) 211-328, 211-245), мүлікті (активтерді) сату бойынша сауда - саттық өткізілетіні туралы хабарлайды, ағылшын әдісі бойынша, лот №1 - №62 "көлік құралдары".

Сауда-саттықты өткізу орны: тауар биржасының электрондық сайты www.utb.kz.

Тауар бағасы қадамының шамасы: сату объектісінің бастапқы ұсынысының бағасынан 5% (бағаның өсуі).

       Сауда-саттыққа қатысуға тауар биржасы тағайындаған брокер арқылы дербес тіркеуден өткен заңды немесе жеке тұлғалар жіберіледі.

       Сауда-саттыққа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға брокермен жасалған шартқа қол қоюға және ол үшін мынадай құжаттар қажет болатын тіркеу рәсімінен өтуге тиіс (брокерге жіберіледі):

  • egov анықтамасы (тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама);
  • салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама;;
  • банк алдында берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
  •  брокерлік қызмет көрсету туралы қол қойылған шарт.

Сауда-саттыққа қатысуға ниет білдірген жеке тұлға брокермен жасалған шартқа қол қоюға және ол үшін мынадай құжаттар қажет болатын тіркеу рәсімінен өтуге тиіс (брокерге жіберіледі):

  • жеке куәліктің сканерленген нұсқасы;
  • брокерлік қызмет көрсету туралы қол қойылған шарт.

Тауар биржасында тіркелгеннен кейін Сатып алушы өткізілетін сауда-саттыққа және брокер арқылы сауда-саттықты өткізу тәртібі мен ережелеріне байланысты барлық кейінгі ақпаратқа қол жеткізе алады.

        Сатып алу-сату шартын жасасу кезінде Сатып алушы сатып алынған негізгі құралдар мен ТМҚ-ны "Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС көлік басқармаларының өндірістік базаларының аумақтарынан (техникалық ерекшелікке сәйкес) өзі әкету бойынша шығыстарды көтереді, сондай-ақ Тараптар сатып алу-сату шартына қол қойған және сатушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген шот-фактураның түпнұсқасын ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тауар үшін құнының 100% - ын төлейді. Сатылатын автокөлік және арнайы техника сатып алушыға оның құнын 100% төлеген сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беріледі. Беру фактісі қабылдау-беру актісімен расталады. Шарттың бағасына: меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеуге байланысты төлемдер мен өзге де шығыстар; сақтандыруға арналған шығыстар, мүлікті әкету бойынша көлік шығыстары кірмейді. Шарттың бағасы тұрақты, бекітілген болып табылады және Тараптардың өзгертуіне жатпайды.

        Тауар биржасында сату қызметтері үшін шығыстарды сатып алушы көтереді.

     Өтінімдерді қабылдау және сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу осы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүргізіледі: мекенжайы бойынша www.utb.kz немесе телефон арқылы +7 776 434 1560 Жанапина Қорлан.

         Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7292) 211-328, 211-245 ӨТБ телефондары арқылы алуға болады.

       Өткізілетін аукцион және техникалық ерекшелік туралы толық ақпаратпен сайтта танысуға болады www.otk.kz.

Тіркелген файлдар:

  • [ спецификация для биржи 2021.xlsx ]Жүктеу (19.28 Kb)




Қымбатты арулар!

Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!

ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ұжымы!

Ақтауда соғыс ардагері Асан Аймағамбетов қайтыс болды

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

"ОТК" ЖШС қызметкерлерін 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз!

Жұмыс режимін қарастыру жөнінде «Сауалнама нәтижелерімен қызметкерлерге таныстыру»

Хабарландыру

Спартакиада – 2023 бекітілген бағдарламасын Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз

Спартакиада – 2023 үстел теннисі жарысының қатысушыларының назарына

Спартакиада – 2023 басталуы туралы хабарландыру

KMG RUN DAY марафонын өткізу туралы хабарландыру Құрметті «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ұжымы!

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ЕТУ қызметкерлері арасында өткен Үздік маман жеңімпазын құттықтаймыз

2023 жылғы бірінші басшының жартыжылдық есептік кездесуі 2023 жылғы " 23 " тамызда өтеді

2023 жылғы 10-14 шілде аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) компаниялар тобының Спартакиадасының финалдық кезеңі туралы хабарландыру.

"ОТК" ЖШС қызметкерлерінің балаларын лагерьге жіберу үшін құжаттарды жинау бойынша жұмыстың басталғаны туралы хабарландыру

«ҮЗДІК МАМАН-2023» кәсіби конкурс өткізу туралы хабарландыру

Сіздердің назарына "Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС мүлкін сенімгерлік басқаруға беру мақсатында мүлікті сенімгерлік басқарушыны таңдау жөніндегі конкурстық комиссия отырысының Хаттамасымен танысуға ұсынамыз.

«Samruk Kazyna – Trust» Корпоративті қоры «Атамекенді аралау» акциясын өткізіп жатырғандығы туралы хабарландыру

1 маусым – балаларды қорғау мерекесі құтты болсын!

"ОТК" ЖШС қызметкерлерінің балалары арасында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Өнерлі өрендер» байқау өткізілуі туралы хабарландыру

«ОЙЛ ТРАНСПОРТ КОРПОРЕЙШЭН» ЖШС КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҰСЫНЫСТАРДЫ СҰРАТУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

«ОЙЛ ТРАНСПОРТ КОРПОРЕЙШЭН» ЖШС КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҰСЫНЫСТАРДЫ СҰРАТУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

1 мамыр – ҚР бірлігі кұнімен құтықтаймыз!


Кошанов Талгат Ботабаевич

Комплаенс-офицер ТОО «Oil Transport Corporation»

Почта: t.koshanov@aktauotc.kz

8 (7292) 525 828